Кеден одағының еркін экономикалық аймақтары жөніндегі келісімге өзгерістер енгізілді
Мемлекет басшысы "2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.
Аталған заңды Сенат 2023 жылы 1 маусымда талқылап, мақұлдады.
Хаттаманың негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес аталған келісімнің бірқатар баптарына редакциялық және заңдық сипаттағы өзгерістер енгізу.
Құжатта еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтардың аумағы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігі, ал порт және логистикалық ЕЭА шегі – Одақтың кедендік шекарасы болып табылатын норма көзделеді.
Бұдан бөлек кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы аумағында осы ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.