Жаңалықтар тізбегі
0

Таңбаламасы қате пәкістандық сусын қазақстандық сөрелерде еркін сатылымда

Таңбаламасы қате пәкістандық сусын қазақстандық сөрелерде еркін сатылымда , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 21:02 Сурет: pixabay
Құқыққорғаушы-сарапшы Жанна Биятан контрафактілік өнімдерде әдетте "ЕАС" бірыңғай айналым белгісі, сондай-ақ жапсырмасында мемлекеттік және орыс тілдерінде толық әрі дұрыс таңбалама болмайтынын айтады.

Мемлекет, өз кезегінде, азаматтардың өнімдерді үнемі зерттеп, сынақтан өткізуі арқылы қауіпсіз өнімді сатып алуын қамтамасыз етуі керек.

Кәсіпкерлер тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы өніммен қамтамасыз етуге жауапты.

Қоғамдық бірлестіктер ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы тұтынушыларға қауіпсіз және сапалы өнімді сатып алуға көмектеседі.

Тұтынушылар сатып алған өнімдерді тексеру арқылы өздерінің қауіпсіздігіне жауап береді.

Көріп отырғанымыздай, мемлекет тұтынушыларға қамқорлық жасауда ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр, солардың бірі – "Ақпараттық қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу" әлеуметтік жобасы, тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, ал жобаның орындаушысы "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі.

Жобаның мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері негізінде тауарлар, олардың сапасы, сондай-ақ оларды сатушылар (өндірушілер) туралы ақпараттарды тұтынушылардың алу құқықтарын жүзеге асыру.

Жобаның міндеті – аккредиттелген ұйымдар зерттеген әр аймақта 15-тен кеме емес өнімдердің (тауарлардың) зерттеу (сынақ) нәтижелері туралы объективті де сенімді ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарында тарату арқылы Қазақстандағы тұтынушыларға сатылатын өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.

Мақсатқа жету және жоба тапсырмасын орындау үшін Жетісу өңірінде аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесіп, ауқымды жұмыстар атқарылды.

Бұл өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді қосқанда 38 азық-түлік тауарларының үлгілері сатылып алынды. Өнімдерді іріктеу жеке тұлғалардың құпия сатып алу тәсілімен жүргізіліп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының санитарлық-гигиеналық зертханасына Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу үшін тапсырылған.

Жетісу аумағына контрафактілік өнімдер әкелінген бе, жоқ па, сусын өнімнің қандай екенін білу үшін зертханада:

Таңбаламасы қате пәкістандық сусын қазақстандық сөрелерде еркін сатылымда , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 21:02

Сурет: Жанна Биятан

КО ТР 022/2011 бойынша тамақ өнімдерінің сынамаларын сараптау хаттамаларына сәйкес, төмендегідей сәйкессіздіктер анықталды (11.07.2024 жылғы №1153/4955 / PO 2400623 хаттама):

Бұл сынама: Пәкістанда өндірілген "Safar jusi mango" сусыны:

  • Ашылғаннан кейінгі сақтау шарттары көрсетілмеген;
  • Өндірушінің аты мен мекенжайы туралы ақпарат жоқ;
  • Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы (калория) джоульде көрсетілмеген.

КО ТР 005/2011 техникалық регламентіне қатысты сәйкессіздіктер кездесті:

  • Пиктограмма мен таңба (қаптама жасалған материалдың белгісі немесе әріптік белгісі), сондай-ақ Мебиус ілмегі жоқ болды.

ӘҚБК-ң 203-бабы тауарларды құжаттарсыз сатқаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет — шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы Кодекстің 415-бабы бойынша техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару және техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес сәйкестікті растау және (немесе) бағалау құжаттарынсыз өнімді айналымға шығару түрінде жасалған бұзушылық — жеке тұлғаларға — тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Ал 425-бапта Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық — жеке тұлғаларға — отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді делінген.

Қоғам белсенділері хабарлайды!

Кәсіпкерлер үшін таңбалама талаптарын сақтау тек техникалық регламенттер талаптарын орындау міндеттемесі ғана емес, сонымен қатар, тұтынушылардың сенімін сақтау тәсілі екенін түсіну маңызды. Өнім туралы ақпараттың ашықтығы табысты бизнестің кілті болып табылады, ал бұзушылықтар қаржылық шығындарға және беделді жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Қажетті рұқсаттарсыз және салықтар мен алымдарды төлемей, кедендік бақылауды айналып өтіп, елге заңсыз әкелінген тауарлар – контрафактілік өнімдер. Өндіруші өз өнімдерінің сыртқы нарыққа шыққанын білмеуі де мүмкін, өйткені тауарлар шекарадан заңсыз жолмен тасымалданады. Нәтижесінде контрабандалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі міндетті тексеруден өтпейді, бұл тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: