Косметика таңдаудың қыр-сыры: қаптама мен құрамды тексеру неге маңызды
Мысалы, белгілі косметологтар мен қарапайым адамдар пайдалануға оңай азиялық "жастықшаларды" пайдалануды ұсынады. Неге деп сұрарсыз?! Жауапты "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан дайындады.
Сарапшылар косметика саласындағы жаңа өнімдерге тоқталды. Көп жылдар бойы косметология мен сәндік косметикадағы үрдістер жарықтың жылдамдығындай дерлік өзгеруде. Егер сіздің сүйікті тоналды креміңіз нашар күңгірттене түссе ше? Сондай-ақ беттегі бүкіл бояудың соңын ала бір рет жүріп өткендегі әрлеу күтімі беттегі тесіктерге "тұнып", оларды жауып тұрады емес пе? Қарапайым болғанымен, өзі тиімді құрал бар.
Шындықтан қашу
Сұлулық пен мінсіз тері жамылғысына ұмтылған көптеген қазақстандық қыздар қауіпсіз әрі сапалы өнімдер сияқты, оның ішінде косметикалық та бар, қажеттілікті ұмытады. Осылайша, Қарағанды қаласындағы әйгілі корей бренді дүкендерінің бірінен косметика сатып алу оқиғасы тіркелді. Бірақ зертханалық зерттеулер бұзушылықтарды анықтағанда біз кәдімгідей таңқалдық.
"Құпия сатып алу" әдісі бойынша Қытайда шығарылған "Кушон Autumn&CA" қасында қосымшасы бар, әрлеуге арналған өнімінің үлгілері алынды. "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ көмегімен бұл косметикалық өнімнің қандай кемшіліктері бар екенін зертханада тексере алдық, – деп түсіндірді маман.
Сурет: Жанна Биятан
Оның айтуынша, токсикологиялық көрсеткіштер мен шырышты қабаттарға тітіркендіргіш әсер ету көрсеткіштері, сондай-ақ клиникалық-зертханалық көрсеткіштер, сенсибилизациялық әсерлер, тітіркендіргіш әсерлер қалыпты шектерде болған.
Бірақ сынақ хаттамасында 009/2011 техникалық регламенті жол бермейтін бірқатар сәйкессіздіктер анықталды:
- өндірушінің атауы және оның орналасқан жері көрсетілмеген;
- егер өндіруші КО мүше мемлекеттің аумағында талаптарды өзі қабылдамаса, тұтынушыдан (өндірушінің немесе импорттаушының уәкілетті өкілі) шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген ұйымның атауы мен орналасқан жері (заңды мекенжайы) көрсетілмеген;
- тұтыну қаптамасындағы өнімнің номиналды саны көрсетілмеген;
- өндірілген күні болмаған;
- егер бұл шарттар стандартты шарттардан басқаша болса, сақтау шарттарын сипаттау көрсетілмеген;
- өнімді пайдалану кезінде арнайы сақтық шаралары (қажет болған жағдайда) көрсетілмеген;
- парфюмерлік-косметикалық өнімдердің партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін партия нөмірі немесе арнайы код көрсетілмеген;
- тұтынушының парфюмерлік-косметикалық өнімдерді дұрыс пайдаланбауына әкеп соғуы мүмкін парфюмерлік-косметикалық өнімді пайдалану әдістері туралы мәліметтер көрсетілмеген;
- техникалық регламенттің 9.3 тармағына сәйкес ингредиенттер тізімі мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген.
ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі, – деп қосты Ж.Биятан.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан Республиксы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 203-бабына сәйкес, "Тауарларды құжатсыз өткізу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 45, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады".
"МОТҚҚҚ" ҚБ бұзушылықтарды анықтауды мақсат етпейді, бірақ ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 41-бабына сәйкес, ол анықталған сәйкессіздіктер негізінде тұтынушыларға ұсынымдарды жариялауға және беруге құқылы.
Тұтынушылар кез келген сәйкессіздік, мейлі ол ақпараттың болмауы немесе анық емес ақпарат болсын, бұл өнімді таңдауда мұқияттылыққа шақыратын белгі екенін есте ұстауы қажет.
Біз сізге осындай жағдайларда әрекет етуге көмектесетін бірнеше кеңестерді дайындадық:
- Қаптамадағы ақпаратты тексеріңіз. Бір қарағанда бәрі көрсетілгендей көрінсе де, құрамы мен пайдалану нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз. Өнім Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының және Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" 009/2011 техникалық регламенті талаптарына сәйкес болуы, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәліметтерді қамтуы тиіс.
- Сатушыға сұрақ қоюдан тартынбаңыз. Қаптамадан қажетті ақпаратты таппасаңыз онда сатушыдан сұраңыз. Сіздің өнім туралы толық ақпарат алуға құқығыңыз бар.
- Түбіртектерді сақтаңыз. Бұл қарапайым, бірақ маңызды қадам, әсіресе, кейін өнімнің сапасына қатысты шағымдар туындайтын жағдайда. Түбіртек сатып алуды растайды және тауарды қайтару немесе шағым беру процедурасын жеңілдетеді.
- Құқыққорғаушыларға хабарласыңыз. Егер сіз сәйкессіздіктерді тапсаңыз немесе өнімнің қауіпсіздігіне күмәндансаңыз, жергілікті тұтынушыларды қорғау ұйымына хабарласуыңызға болады. Олар жағдайды шешуге көмектеседі және пайдалы ұсынымдар береді.
- Өнімдерді сақтықпен пайдаланыңыз. Өнімнің сапасына күмәніңіз болса, барлық егжей-тегжейлер нақтыланғанша оны пайдаланудан бас тартқан жөн. Бұл, әсіресе, тұрмыстық химияға қатысты, онда стандарттарды бұзу бірден байқалмауы мүмкін, бірақ денсаулыққа теріс әсер етері хақ.
Материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "МОТҚҚҚ" ҚБ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы, сондай-ақ жарнама болып табылмайтын, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін өзге де ақпараттарды таратуға құқылы.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.