Тез дайындалатын кеспе: қолжетімділік, ыңғайлылық және сатып алушылар үшін маңызды жайттар
Өйткені, басты
құндылығыңызға – өз денсаулығыңызға қамқорлық жасау – таңбаламаға мән беру
сияқты қарапайым қадамдардан басталады.
2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің командасы әлеуметтік жоба аясында Қазақстанның барлық аумағында, соның ішінде Қызылорда қаласында да жасырын сатып алушы әдісі бойынша тұтыну тауарларын сатып алуды жүзеге асырды. Азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларды қоса алғанда, өнімдердің үлгілері стандарттарға сәйкестігіне мұқият тексерілді және нәтижелер сатып алушылар мен кәсіпкерлерге нарықтағы өнімдер сапасы мен хабардарлығын арттыру үшін ұсынылды. Қазан айында біз Қызылорда қаласындағы сауда нүктелерінің бірінен тез дайындалатын кеспенің бірнеше түрін сатып алдық, мысалы:
1 "LOBSTER RAMEN. LOBSTER FLAVOR NOODLE SOUP" (120 г);
Сурет: Жанна Биятан
2. "Вкусный Вейлун" (100 г);
Сурет: Жанна Биятан
3. "GOMTANG Paido. KOREA NBEEF FLAVORED NOODLE SOUP" (102 г);
Сурет: Жанна Биятан
4. "BULDAK 2 Spisy. HOT CHIKEN FLAVOR RAMEN". (140 г).
Сурет: Жанна Биятан
Барлық өнімдер Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына сараптамаға жіберілді. Сынақтар бұл өнімдердің азық-түлік қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті: олардың құрамында пестицидтер, ауыр металдар және басқа да қауіпті компоненттер жоқ. Алайда, барлық өнімдер қазақ және орыс тілдерінде таңбаланбаған, сондай-ақ Кедендік одаққа (ЕАЭО) мүше елдер нарығындағы айналым белгісі болған жоқ.
"Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңы шетелдік өнімдерді импорттаушыларды қаптамадағы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде беруге міндеттейді. Егер мұндай ақпарат болмаса, сатып алушы оның денсаулығына әсер етуі мүмкін өнімнің қауіпсіздігі, құрамы және сақтау шарттары туралы қажетті ақпаратты ала алмайды. Оның үстіне ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес тек бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі.
QR кодтары мен интернет-ресурстар барлық мәліметтерді беруге уәде береді, бірақ тұрақсыз Интернет әлемінде тауарларды тексерудің классикалық әдісі – дұрыс жол. Өлең жолдарында "Отан неден басталады? Әліппеңдегі суреттерден..." деп айтылатындай, біз кез келген өнімді, мейлі ол тамақ немесе күнделікті тауарлар болсын, тану – таңбаламаны зерттеуден басталады. Сатып алушының қаптамада не нәрені көрсету керектігін түсінуі маңызды, өйткені бұл оның өнім туралы бірінші және негізгі ақпарат көзі. Тағамдардың таңбаламасынан нені іздеу керек?
- Өнімнің атауы мен саны.
- Құрамы және тағамдық құндылығы.
- Өндіруші, шығару күні және жарамдылық мерзімі туралы ақпарат.
- КО нарығындағы айналымның бірыңғай белгісі.
"МОТҚҚҚ" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Алия Алибекова тексерудің ескі және жаңа әдістерін біріктіруді ұсынады. Штрих-кодтар мен QR кодтарын сканерлеуге арналған заманауи қолданбалар Интернетке қосылымы бар тұтынушыларға өнім туралы ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік береді.
"Интернеттің тұрақтылығына әрқашан сене алмайсыз, сондықтан белгілерді оқып, негізгі талаптарды білу ең сенімді әдіс болып қала береді. Мұқият көзқарас пен құрамын, шығарылған күнін және EAC белгісін білу жағымсыз тосынсыйлардан аулақ болуға көмектеседі", - деп атап өтті ол.
Тез дайындалатын кеспенің танымалдылығына қарамастан, өнімнің қолжетімділігі мен ыңғайлылығы қауіпсіздік талаптарын алмастырмауы керектігін есте сақтау маңызды. Өнімдерді таңдағанда тұтынушылар қаптамаға және таңбаламаға назар аудару арқылы өздерін ықтимал қауіптерден оңай қорғай алады. Ал кәсіпкерлер үшін стандарттарды сақтау және сауатты таңбалама – өз тұтынушыларына қамқорлық көрсету, олардың сенімін нығайту және нарықта тұрақты дамуды қамтамасыз ету тәсілі.
Осы мысал негізінде біз тағы бір рет: тұтынушыларға қамқорлық – өнімдерге қатысты қолжетімді әрі түсінікті ақпарат сияқты қарапайым заттан басталатынына көз жеткіздік. Қазақ және орыс тілдеріндегі таңбалама, КО нарығындағы айналым белгісінің болуы жай ғана талап емес, қауіпсіздік пен тұтынушыларды құрметтеудің негізгі қағидаттары болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, егер бұл шарттар орындалса, өнімдер сенімділікті арттырып, дүкен сөрелеріндегі олардың өмірлік циклін ұзартады.
Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ стандарттарды сақтау тұтынушыларға да, кәсіпкерлерге де тиімді екенін еске салады. Біз ұсынған ақпарат сізге таңдауды тез ғана ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз жасауға да көмектеседі деп үміттенеміз.
Осығн ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Оқи отырыңыз