Ельдар Абдразаков ForteBank директорлар кеңесін басқаратын болады
ForteBank директорлар кеңесі «Centras» компаниялар тобының негізін қалаушы және басшысы Ельдар Абдразаковты 2021 жылғы 01 желтоқсаннан бастап Директорлар кеңесінің төрағасы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ельдар 2019 жылдан бері Директорлар кеңесін басқарған Марлен Мирзабековтың орнын басады.
Тағайындау Директорлар кеңесінің стратегиялық басқару бойынша тиімді жұмысын одан әрі жетілдіруге және Ельдар Абдразаковтың ForteBank капиталына қосылу ниетіне байланысты. ForteBank Директорлар кеңесінің жаңа төрағасының мұндай қатысуы капиталдандырудың одан әрі өсуіне және қаржы институтының тұрақты дамуына ықпал етеді.
Ельдар Абдразаков осы тағайындалуына қатысты мынадай пікір білдірді:
«Соңғы үш жылда Директорлар кеңесінің жұмысына белсене қатыстым. Банк ең жоғары сапа стандарттарын ұстанады және оның өсу қарқыны да зор. Біз үшін бұл – жақсы инвестиция. Біз Банк акцияларының 10 %-на дейін инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Мен бас акционер Болат Өтемұратовқа ForteBank-тің табысты дамуына қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіремін». Ельдар Абдразаков