KGIR 2021: Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктер бар
Сурет: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ
Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту үшін ең тиімді мүмкіндіктер бар: қолайлы жел және күн радиациясы, сондай-ақ ауқымды кеңістік.
Осындай пікірді Goldbeck Solar Бас директоры Йоахим Гольдбек «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған KGIR 2021 дөңгелек үстелі барысында білдірді.
Париж келісімі, сондай-ақ Глазгодағы соңғы КС-26 сияқты жаһандық бастамалар хабардарлықтың айқын мысалдары болып табылады. Климаттық құлдырау адамзаттың өмір сүру сапасына айтарлықтай қауіп төндіреді. Дегенмен, бұл үлкен мүмкіндік. Осы бағытта жұмыс істейтін адамдар, компаниялар, елдер қоғамды тұрақты жолға бағыттай отырып, сөзсіз жетекші рөлдердің бірін атқара алады.Йоахим Гольдбек
Сурет: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ
Осы жобаларды жүзеге асыру барысында қазақстандық мекемелер өздерін кәсіби жағынан өте жоғары таныта білді. Осы тұста «Ақадыр II» жобасын ерекше атап өткім келеді. Біз жобаның құрылысын сәуір айында бастадық және зауытты маусым айында, яғни небәрі 3 айдың ішінде іске қостық.Йоахим Гольдбек
Сондай - ақ, спикердің пікірінше, тұрақты даму - бұл ең дамыған 30 елдің арасындағы «ойынға» қатысуға берілген лицензия.
Қазақстанның таяудағы 30 жылда тұрақты инвестициялар үшін әлеуетті мемлекеттердің айналуы маңызды. Бұл таза энергия мен экологиялық таза өнімдерді экспорттаушы дамыған 30 елдің арасында Қазақстанның позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Йоахим Гольдбек
Қазақстанның соңғы мақсаттары 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 30%-ға дейін арттыру және 2060 жылға қарай энергетикалық сектордың көміртекті бейтараптығына қол жеткізу болып табылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript