Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП басшысы қызметінен кетті
Сурет: atameken.kz
Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Оның «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа мүшелеріне үндеуі ұлттық палатаның сайтында жарияланды.
Мен бүгіннен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды.Тимур Құлыбаев
Ол қатардағы сарапшылардан бастап аудандық филиалдардың басшыларына дейін «Атамекен» ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін ризашылығын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript