Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев: ИГИЛ-дің Құранға ешқандай қатысы жоқ

Оливер Стоун, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2021 10:58 Сурет: "Қазақ. Алтын адам тарихы"
Оливер Стоун Елбасыдан ИГИЛ-дің пайда болуына, Сирия мен Иран жерлерінің үлкен бір бөлігін басып алуына қатысты пікірін сұрады

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Қазақ. Алтын адам тарихы" фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік кинематографияның аңыз адамы Елбасыны дін туралы әңгімеге тартып, Сауд Арабиясында мұсылман дінінің экстремистік түрі, идеологиясы зорлық-зомбылықты қамтитын такфиризм бар екенін еске сала келе, бұған қалай қарайтынын сұрады.

Әрине, қолдамаймын. Қазақтар сунниттік мұсылмандар болып табылады және біздің экстремизмге ешқандай қатысымыз жоқ. Елімізде тұратын халықтың шамамен 70%-ы мұсылман. Сонымен қатар Қазақстанда христиандар, еврейлер, буддистер де бар. Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Қазақстан қалаларында мешітті, христиан ғибадатханасын, синагоганы, будда ғибадатханасын да қатар көруге болатынын атап өтті. Адамдар ешнәрсеге алаңдамай өз бетімен тыныштықта дұға жасап, мінәжат етеді.

Кеңес заманында мұның барлығына тыйым салынған. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін еркіндікке қол жетті. Мұсылмандарға мешіттерін, христиандарға шіркеулерін қайтардым. Ол кезде елімізде 40-ақ мешіт еді, қазіргі саны – 2700. Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасының айтуынша, әжесі діндар адам болған. Намазға жығылып, Құраннан қандай да бір мысалдар келтіріп отыратын.

Әжем діни рәсімдерді жария жүргізу міндетті емес екенін айтатын. Тек өзің жан-тәнімен беріліп, Оның бар екеніне сенуің керек. Болсын, болмасын мешітке барып дұға етудің қажеті жоқ. Мұны кез келген жерде жасай аласыз, тек оны шын жүректен оқысаңыз болғаны. Нұрсұлтан Назарбаев

Оливер Стоун Елбасыдан ИГИЛ-дің пайда болуына, Сирия мен Иран жерлерінің үлкен бір бөлігін басып алуына қатысты пікірін сұрады.

Бұл ретте біздің пікіріміз бір жерден шығады. Олар – экстремистер. Ал Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты қырумен тең деп жазылған. Олардың Құранмен де, мұсылмандықпен де ешқандай байланысы жоқ. Бұл – дінді өз мақсаттары үшін пайдаланатын экстремистер. Мұның барлығы исламға зиян тигізеді.Нұрсұлтан Назарбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: