Еуроодақ газ бағасы өсуінің жоғарғы шегін мақұлдады
Бұл жөнінде дүйсенбі, 19 желтоқсанда Еуроодақ кеңесі таратқан мәлімдемеден белгілі болды.
Баға өсуінің жоғарғы шекті деңгейі 15 ақпаннан бастап енгізіледі. Егер TTF индексі бойынша газдың бағасы 1000 текше метрге 1975 доллардан асса, механизм іске қосылады.
Бұған қоса, Венгрия Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге сүйенсек, шектеулер енгізуді Еуроодаққа мүше елдердің бәрі бірдей, яғни Венгрияның өзінен басқа, тағы сегіз мемлекет қолдамаған. Соған қарамастан оң шешім қабылдауға соның өзі жеткілікті болды.
Бұл бастамаға күмәнмен қараған Германия да аталған шешімді қолдады.
Іске қосылғаннан кейін бағаны түзету механизмі 20 күн бойы әрекет етеді. Газдың МВт/сағатының бағасы 180 еуродан түссе, оны автоматты түрде өшіруге болады. Еурокомиссия Еуропалық нарықта газ тапшылығын байқаса және ол ЕО-ның энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндей болса, механизмді қолмен де өшіруге болады.