Жаңалықтар тізбегі
0

Қоспасыз сүт және шаңсыз кірпіш: Қазақстанда қандай бизнес түрі қарқынды дамуда

Үздік тауар номинациясын жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 10:05 Сурет: Jusan Bank
Мемлекет тарапынан отандық тауар өндірушілерді қолдауға айрықша көңіл бөлінеді. Осыған орай, Zakon.kz тілшісі өнімдерімен жерлестерін қамтып, жұмыс орнын ұсынып отырған кәсіпорындарға тоқталды.

Шымкентте 1200 асыл тұқымды ірі қара, оның ішінде 500 голдштейн фриз тұқымды сауын сиыры бар ферма жұмыс істейді. Отбасылық «Бөрте Милка» атты сүт өңдеу зауыты 20 түрлі өнім шығарады. Басты қағида: «барлығы табиғи, әрі қоспасыз сапалы өнім болуы шарт».

Компанияның іргетасын қалаған Нұралы Әбішевтің сөзінше, Одақ тарағанға дейін облыста 20-дан астам сүт өңдейтін зауыт болған, алайда тығырықты тоқсаныншы жыл жергілікті кәсіпорындардың барлығын ыдыратты. Бірақ өңірін көркейтіп, бұрынғы ұлылықты қайтару Нұралы Әбішевтің өмірлік ұстанымына айналды.

Бөрте Милка басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 10:05

Сурет: Jusan Bank

Әкесінің арманына ат салысып, зауыттың дамуына үлес қосып келе жатқан «Бөрте Милка» кәсіпорнының бас директоры Бөкейхан Әбішев зауыттың құрылу тарихынан сыр шертті:

Бұрын теледидарда Шыңғыс хан туралы сериал көрсетілетін, туынды әкеме ерекше ұнайтын. Тарихқа көз жүгіртсек, Шыңғыс ханның Бөрте деген әйелі болған. Ол ұлы көшбасшыға адал жар, ұрпағына мейірімді ана болып қана қоймай, Моңғол ханының ақылды кеңесшісі, жол көрсетуші жұлдызы, темірдей тірегі бола білді. Әкемді Бөртенің қайсарлығы тәнті етті, тіпті 2008 жылы дүниеге келген қарындасыма Бөрте деп есім берді. Ал, 2016 жылы компанияның іргесін қалаған уақытта, Бөрте есімін ұлықтауды ұйғардық.

Халықты 100% табиғи сүтпен қамтамасыз ету қағидасын бір отбасының бірнеше ұрпағы жылдар бойы армандады. Нәтижесінде, Әбішевтер әулеті 2016 жылы Венгриядан 400 бас сиыр сатып алып, швед компаниясының соңғы технологияларын енгізіп, іске берік кірісті.

Біздің жұмысымыз толығымен автоматтандырылған, яғни роботтар жасайды. Әрбір роботты тәжірибесі мол операторлар басқарып, бақылайды. Күніне бір робот шамамен 60 сиыр сауады, осылайша әр қорадан күніне 120 бас сиыр сауылады. Бір қызығы, сиырлар роботтарға әбден үйреніп алған, сондықтан желіні сүтке толған бойда роботтарға өздері барады. Технологияның ерекшелігі мен ыңғайлылығы – жүйе малды сканерлеп, оның саууға дайындық дәрежесін анықтайды. Сканер уақыттың жеткенін анықтаса, бірден есік ашылады. Басқаша айтқанда, сиыр белгілі бір тәртіпке үйрене отырып, автоматтандырылған конвейердің бір бөлігіне айналады. Бірақ бұл тұқым ерекше күтімді қажет ететінін айтуым керек. Қымбат көлік сияқты: егер сіз қамқорлық жасамасаңыз және майды уақытында ауыстырмасаңыз, ол бұзылады. Бұл тұяқты жануарларда да солай – дәрумендерді уақытында беріп, кесте бойынша вакцинация егіп, тіпті массаж жасау керек. Сонда ғана мол сүт беріп, ұрпақ қалдырады, - Бөкейхан Әбішев.

Сүт зауыты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 10:05

Сурет: Jusan Bank

Отбасылық жоба қазірдің өзінде таудай нәтижеге жетті. Мысалы, Қазақстанның үздік тауарлары көрмесінде «Үздік тағам» номинациясының жеңімпазы атанды. Бірақ алғашында ауыл шаруашылығында өте тиімді және табысты бизнес құру мүмкін емес сияқты көрінді. Дегенмен, кәсіпкерлердің батыл идеясына Jusan Bank өкілдері сенім артып, қолдау танытты.

Бастапқыда бизнес-жоба жасап, осындай компания ашамыз деп жүргенде, инвестицияға қатысты мәселе туындады. Ол кезде жан-жақтан қаржы жинадық. Біз Jusan Bank-тен кеңес сұрап, бизнес жобамызды ұсындық. Банк басшылығына үлкен рахмет! Олар бізді бірден қолдап, қажетті қаражат пен ұтымды шарттармен несие берді. Соның арқасында «Бөрте Милка» күніне 15 тонна сүт өндіріп, бүкіл Қазақстан қалаларына сүт өнімдерін жеткізеді. Серіктестікте 100-ге жуық облыс тұрғыны жұмыс істейді, - Нұралы Әбішев.

Ал Түркістан облысында Әбішевтердің тағы бір отбасылық кәсіпорны – «Бөкей» кірпіш зауыты бар. Онда күніне 100 мың дана кірпіш шығарылады, басты ерекшелігі - зауыт толығымен автоматтандырылған. Мамандар үш ауысымда жұмыс істейді, зауыт Жапония, Грекия, Украина елдерінің қондырғыларымен жабдықталған. Өндірістің әр қадамының сапасы мен дұрыс орындалуына барынша қатаң бақылау жүргізіледі.

Кірпіш зауыты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 10:05

Сурет: Jusan Bank

2013 жылы Қытайдан материалдар әкеліп, кірпіш зауытын салдық. Әркімнің өзіне тән жағымсыз тәжірибесі бар: бізге қытай фабрикасының сапасы ұнамады. Содан Jusan Bank- тің 100 пайыз қаржылық қолдауымен осы зауытты аштық. Біздің зауыт тығыздығы мен өлшемдері әртүрлі кірпіштің бес түрін шығарады. Салық базасына жылына 200-300 миллион теңгеге дейін қаржы құямыз. Жергілікті түлектерді жұмысқа алып жатырмыз, жігіттердің көпшілігі Украинада білімдерін жетілдіріп келген, - «Бөкей» директоры Жеңіс Садықов.

Мұнда, басқа кәсіпорындарындағыдай, ауыр қол еңбегі мен шаң –тозан жоқ.

Ешбір жұмысшы қара жұмыс істемейді, тіпті қолына кірпіш ұстамайды. Бізде бәрі таза, былайша айтқанда, «ақ көйлекпен» жүреміз. Өйткені зауыт толығымен автоматтандырылған.

Кірпіш зауыты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 10:05

Сурет: Jusan Bank

Айтпақшы, жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен және Jusan Bank-тің 1,98 млрд теңгеге жеңілдетілген несие желісінің арқасында жүзеге асты. Шарт бойынша қарыз алушы үшін жылдық мөлшерлеме 6% пайыз болса, қалған 8,95% мемлекеттік бағдарлама бойынша субсидияланады.

07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензияны Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: