Соңғы бес жылда елімізде интернет-алаяқтық фактісі 10 есе өсті – Бас прокуратура
Бұл туралы ақпарат ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында жарияланды.
Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ведомствоның мәлімдеуінше, уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады. Алайда көп жағдайда алаяқтардың қасақана ойын іске асыруына азаматтардың өзі де кінәлі болады екен. Өйткені олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жеп қалады.
Прокуратура өңірлерде осындай іспен айналысқан қылмыстық топтар ұсталғанын атап өтті.
Шымкентте өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған 5 адам қашықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы азаматтарға несие беріп, несие қаражатын иемденіп отырған.Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Бас прокуратура ұсынған интернет-алақтардан сақтану жолдары:
онлайн сауда жасайтын кезде күмәнді транзакциялардан бас тартыңыз;
банк картасының деректерін, шот номерін және қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеңіз;
банктердің күмәнді сілтемелерін ашпаңы;
күмән туғызған сілтеме бойынша кіріп, ол жерге жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз;
танымайтын адамға ақша аудармаңыз.
Егер банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойса, дереу банкке немесе полицияға хабарласу қажет.