Түркістанда қос азаматтық алған әйелге айыппұл салынды
Сурет: Zakon.kz
42 жастағы Түркия азаматшасына 428 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 қазанда желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Түркия азаматын Қазақстан азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
42 жастағы әйел Қазақстан мен Түркия азаматтығын алған. Оның үстінен көлік полициясы әкімшілік хаттама толтырды.
Түркістан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Түркия азаматы 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript