Қазақстан Халықаралық даму банкінен 346 миллион еуро қарыз алады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінен 345,7 миллион еуро несие алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті келісімді палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары мақұлдады.
345,7 миллион еуро сомасына несиелік келісімге 24 тамызда қол қойылды. Несие толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады, - деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, несие қаражаты қабылданған бюджет шығыстарын, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік және басқа да басым мақсаттарына бағытталған шығыстарды қолдауға мүмкіндік береді.
Өтеу мерзімі 11,5 жыл, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңі. Пайыз мөлшерлемесі EURIBOR + айнымалы спрэд. Бір жолғы комиссия – несие сомасының 0,25%, брондау комиссиясы – жылдық 0,25%. Ерұлан Жамаубаев
Тартылатын кредитке қызмет көрсету және өтеу қарыз шартында белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Кейін Мәжіліс алаңында вице-премьер ипотекалық несиесі бар екенін мойындады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript