Сахна ортасында тұрып, бүлдіршіннің құйрығынан тепкен Төреғалидің басы дауға қалды
everything.kz
Хитмен өзіне гүл шоғын ұсынған екі бірдей бүлдіршіннің аузына түкіріп, құйрығынан “тебемін” деп елден сөз естіді.
Төреғали Төреәлінің сахнадағы тағы бір әрекеті көпшіліктің назарын аударды. “Ұлы дала баласы” Елордада өткен концерттердің бірінде қос бірдей бүлдіршіннің аузына түкірді. Олар кері бұрылған кезде, құйрықтарынан тепкен, деп хабарлайды stan.kz
Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы әншіні сахнадағы әрекеті үшін қатал сынға алса, екіншілері ауыл-аймақта мұның қалыпты нәрсе саналатынын, ал Төрештің бар болғаны салтты ұстанып жатқанын атап өтті.
“Ауылдан шыққан бала салтты ұмытпайды. Жарайсың, Төреш. Ол баланы жамандықтан теуіп жатқан жоқ. Көз тимесін елдің назары балаға емес, басқаға аусын деген мақсатпен жасады”, – деп атап өтті желі қолданушылары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript