Бүгін қазақтың "бұлбұлы" Бибігүл Төлегенованың туған күні
Сурет: warheroes.ru
Қазақтың әйгілі әншісі, бұлбұл үнді Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсан күні 92 жасқа толды, деп хабарлайды Zakon.kz
Тәуелсіздік күнімен қатар бүгін саф өнерімен талайды таңдай қақтырған мэтр Бибігүл Ахметқызының туған күні.
ЮНЕСКО-ның 20 ең атақты әйелдерінің тізіміне енген өнер иесін алғашқылардың бірі болып еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтаған.
Туған күн иесі өзіне жылы лебізін білдіріп жатқан қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Туған күнді балаларым өздері ұйымдастырып жатқан шығар. Үйде атап өтеміз. Ал бүгін мені құттықтаған барша халыққа алғысымды айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! ҚР халық әртісі Бибігүл Төлегенова
Бірнеше күн бойы елордадағы шараларға қатысқан Бибігүл Ахметқызы туған күнін өз үйінде, жақындарымен бірге атап өту үшін бүгін Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript