98 жастағы "Біздің сүйікті дәрігер" қазақ халқына амандық тіледі
Сурет: kino-teatr.ru
Аңыз адам, сахна саңлағы Юрий Померанцев Zakon.kz порталының оқырмандарын және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz
Театр және кино актері, кәсіби режиссер көрерменге «Иван Грозный», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен» фильмдері арқылы жақсы таныс. Актерлік өнерге өмірінің 77 жылын арнаған Юрий Борисович жасы ғасырға жуықтаса да, сахнадан әлі түскен жоқ. Желтоқсанның 19 күні, актер кезекті қойылымда өнер көрсетеді. Осы күндері дайындық үстінде жүрген 97 жастағы актер Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мен, ең алдымен, қазақ халқына амандық тілеймін. Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында ортақ үйіміз телегей табысқа жетті. Республикамыз жасай берсін.Театр және кино актері Юрий Померанцев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript