Францияда Қазақстанның әнұраны ерекше форматта орындалды
Франция, Германия және Швейцарияның шекараларында орналасқан Мюлуз қазақстандық әртістерді құшақ жая қабылдады. Отандық трио Тәуелсіздік күні мерекесін дәл осы қалада қарсы алды.
Арнайы еліміздің басты мерекесіне орай трионың орындауында Қазақстанның әнұраны шырқалды. Фортепиано, виолончель және скрипка әуендері әнұранға өзгеше сән-салтанат беріп, еліміздің гимні ерекше естілді. Осы патриоттық сәтті тамашалаған шетелдік көрермен Тәуелсіз Қазақстанның әнұранына құрмет білдіріп, зор қошемет көрсетті.
Қазақстанның әнұраны шырқалған сәтте қасымдағы көрермендер менен бұл қандай әуен деп сұрай бастады. Бірден таныдым. Мен қазақ елінің әнұранын жақсы білемін және ол маған өте ұнайды. Бүгінгі концертте оның ерекше күш-қуатын тағы да сезіндім.Белгілі француз композиторы Pierre Thilloy
Сурет: FORTE-TRIO мемлекеттік ұжымы
Сурет: FORTE-TRIO мемлекеттік ұжымы
Екінші концертті де сәтті өткізген трионың көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері өз сұхбатында барша отандастарды мерекемен құттықтады: «Тәуелсіздік күні – қазақстандықтар үшін маңызды, ұлық мейрам. Трионың гастрольдері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде. Егемен еліміздің өнерін әлемдік аренада таныту біз үшін үлкен мәртебе», – деп жеткізді ол.
Сурет: FORTE-TRIO мемлекеттік ұжымы
Сурет: FORTE-TRIO мемлекеттік ұжымы