Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл қорытындысы: 2021 жылдағы басты мәдени жаңалықтар

Мәдени жаңалықтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:34 Сурет: Zakon.kz
Желтоқсан айының соңына жақындап, өткен жылға есеп беретін уақыт келгендей. Zakon.kz тілшісі 2021 жылы елді елең еткізген мәдени жаңалықтар тізімін назарларыңызға ұсынады

Түркістан театры шымылдығын ашты

Түркі әлемінің астанасы саналатын Түркістан қаласы 2018 жылдың 18 маусымында облыс орталығы болып құрылды. Бас жоспарға енген объектілердің арасындағы Түркістан музыкалық драма театрын Ақтөбе облысы сый ретінде салып беретін болды. Театр құрылысы 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталды. Сөйтіп, осы жылда Түркістан музыкалық драма театры көрермен қауымға есігін айқара ашты. Түркістан музыкалық драма театры шымылдығын «Бөрте» спектаклімен ашты. Көрнекті драматург, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің пьесасы тұңғыш рет 9 қазан күні жұртшылық назарына ұсынылады. «Бөрте» спектаклін қоюға белгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор шақырылды.

Түркістан театры, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:34

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық музыкант Иманбек Grammy сыйлығын жеңіп алды

15 наурызда қазақ баласы Иманбек Зейкенов аса беделді әрі әлемдік деңгейдегі «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды. Лос-Анджелесте онлайн форматта өткен 63-ші марапаттау рәсімінде отандасымыз үздік деп танылып, ТМД елдері арасында поп-музыка жанрында  «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш өнерпаз атанды.

Ютуб видеохостингінде 199 452 816 қаралым жинаған ремиксті Иманбек 2019 жылы жазған. Аз уақытта кең танылып үлгерген бұл туынды отандасымызды жаңа белеске, музыка әлемінің ең биік шыңына шығарды. Өнерпаздың айтуынша, ол «Roses» әнінің ремиксін небәрі 2 сағатта жасаған. Әлем жұртының назарын өнерімен аударған Иманбек танымал болғанға дейін жергілікті теміржол стансасында жұмыс істеген.

Грэмми, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:34

Сурет: Instagram/rompasso

Қазақстандық әнші Рухия Байдукенова Витебскте өткен "Славян базары" халықаралық фестивалінің Гран-приін жеңіп алды

Шілде айында өткен байқауда Рухияның бес октавалы даусы мен орындау шеберлігі қазылар алқасын бейжай қалдырмады. Доданың алғашқы кезеңінде-ақ Рухия жоғары ұпайға ие болып, өзге әншілерден оза шапқан еді. Байқаудың ең үздік орындаушысына жүлдені қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко тапсырды.

22 жастағы Рухия Байдүкенова Талдықорғанның тумасы. Ол ән айтумен бала кезінен айналысқан. Қазір бойжеткен Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша үшінші курста оқиды.

Шымкентте Алаш арыстарына арнап композициялық мүсін қойылды

Тәуелсіздік мерекесіне тарту етілген мүсін тарихи тұлғаларды дәріптеуге бағытталды. Мақсаты – алаш арыстарының еңбектері мен қайраткерлік келбетін насихаттау. Жас ұрпақтың патриоттық, отансүйгіштік тәрбиеге баулу. Композициялық мүсін Шымкент қаласының орталық саябағы аумағында орналасқан. Тұғыр гранитпен қапталған. Мүсіндердің биіктігі – орташа есеппен 210 см. Тұғырдың ұзындығы – шамамен алты метр, ені – үш метрге жуық.

Қазақстандық "Мыстан" сериалы Webfest Berlin фестивалінде үздік драма атанды. "Мыстан" сериалы Webfest Berlin кинофестивалінде топ жарды. Бұл туралы Salem Social Media компаниясы шығарған «Мыстан» телехикаясының атқарушы продюсері Анна Дармодехина хабарлады.

Қазақстандық дизайнер Берлин жұртын тәнті етті

Германия астанасында қазақстандық дизайнерлердің көрсетілімі өтті. Төрт бірдей брэнд өз коллекциясын әкелді. Олардың арасында жас модельер Айдана Омарова бар. Ол Берлин жұртын қазақтың ұлттық киімімен тәнті етті.  Жас болса да сән әлемінде жетістікке қол жеткізген Айдана Омарова Берлинде «Омабель» мен «Айдана Омарова – Кутюр» атты қос брэнд топтамасын алғаш рет көрсетті. Бас аяғы 20 сән үлгісі паш етілді. Олардың арасында бірегей үлгілер, бас киімдер мен өзге де аксессуарлар бар. Бұлардың бәрі Германия жұртшылығына арнайы жасалған.

Aqiqat журналына 100 жыл толды

Aqiqat журналы алғаш рет 1921 жылы 15 қыркүйекте «Қызыл Қазақстан» деген атаумен Орынборда жарық көрген. Өзінің тарихында «Қызыл Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Ауыл коммунисі», «Коммунист» деген атпен көпшілік қолына тиген. 1990 жылы сол кездегі журналдың бас редакторы болған Камал Смайыловтың бастамасымен Aqiqat деген жаңа атау берілді. Қазір Aqiqat айына бір рет шығады. Таралымы – 3 мың дана.

150 жыл толды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:34

Сурет: Facebook/akikatkazgazeta

«Қазақконцерт» ұйымына Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді

Бұл туралы ақпарат «Қазақконцерт» ұйымының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды. Хабарламада мұндай шешім Роза Бағланованың есімін мәңгі есте сақтауға сүбелі үлесін қосатыны айтылған. Р. Бағланова 1960 жылдан бері «Қазақконцертте» қызмет атқарғанын айта кетейік.

«Қазақконцерт» ұйымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:34

Cурет: видеодан кадр

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Азияның ең сымбатты азаматы" атанды

King Choice сайтында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша отандасымыз 9 304 871 дауыс жинаған. Екінші орынға оңтүстік кореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджин орналасқан – 8 197 925 дауыс. Үшінші орын да тағы бір оңтүстік кореялық орындаушыға бұйырған – Чха Ын У (1 918 514 дауыс).

Ең сымбатты жігіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 12:34

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: