Жаңалықтар тізбегі
0

Фархат Шариповтың фильмі Халықаралық Берлин кинофестивалінде Гран-при алды

Берлин кинофестивалі, халықаралық кинофестивалі, Берлин, Фархат Шарипов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 09:48 Сурет: жеке мұрағаттан
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген «Схема» көркем фильмі 72-Халықаралық Берлин кинофестивалінің Generation конкурстық бағдарламасында (балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер байқауы) бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz
Фильмнің түсіру тобына сенімдері мен жұмыстары үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ фильмдегі басты рөлді сомдаған актерлерге, бізді фестивальге шақырған Берлинале ұжымына ерекше алғыс айтамын. Осы бағдарламаға қатысқанымызға қуаныштымыз, өйткені біздің фильм жасөспірімдер туралы және жасөспірімдерге арналған. Фильм режиссері Фархат Шарипов

Режиссердің айтуынша, күрделі тақырыпта түсірілген кинотуындының желісі кастингке келген жасөспірімдердің жеке оқиғаларына негізделген.

0, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 09:48

Сурет: жеке мұрағаттан

2020 жылы күз айында қолға алынған кинотуындының түсіру жұмыстары негізінен Алматыда өткен. Басты рөлдерді Виктория Романова және Таир Свинцов есімді жас актерлер сомдады. Бұл олардың алғашқы рөлі екенін айта кеткен жөн. Фильмнің қоюшы операторы Александр Плотников, ал қоюшы суретшісі – Алексей Шиндин. Кинокартинаның продюсері Дина Жұмабек.

Берлин халықаралық кинофестивалі, Берлин, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 09:48

Сурет: фильмнен үзінді

Еске сала кетсек, «Схема» фильмін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау орталығы қолдауымен Medeor компаниясы түсірген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: