Димаш Құдайберген Майкл Джексон мемориалы жанында түскен суретін жариялады
Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Германияға келіп жеткенін айтып, жанкүйерлерін қуантты. Әлеуметтік желіде жарияланған суретте әнші поп-музыка королі Майкл Джексонға арналған мемориал жанында отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәлем, Германия. Мен Мюнхенде тұрмын. Ертең сұхбат беріп, конференцияда ән саламын, - деп әнші парақшасында ағылшынша жазып қойды.
Желі қолданушылары, әдеттегідей, әнші жазбасына қуана жауап қатып жатыр: олар композиторға сәттілік тіледі және фотосуреттің таңдалған орнын атап өтті.
Пах, кереметсің! Ертең сәтті өнер көрсетіп, бәрі ойдағыдай болуын тілейміз!
Менің кумирім Джексонмен күшті суретке түсіпсің!
Шын жүректен табысты, айырықша әрі ұмытылмас кеш өткізуіңді тілейміз! Шарықтай бер!
Артындағы сурет керемет", - делінген түсініктемелерде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript