Димаш Құдайберген Германияда сұхбат беріп, ең ұлы музыкантты атады
Димаш Құдайберген Германияға барды. Ол Ральф Саймонға берген сұхбатында балалық шағындағы естеліктерін бөлісіп, ұстаздары мен тәлімгерлеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар жүргізуші Ральф Саймон неміс кинокомпозиторы Ганс Циммер Құдайбергенмен кездесуге мүдделі екенін хабарлады.
Бұл деген арман ғой. Ол керемет адам! Меніңше, ол №1. Ең ұлы және ең тамаша музыкант. Керемет музыкант және ұлы ақыл иесі.Димаш Құдайберген
Димаштың жанкүйерлері өнер иесін қолдап, сұхбат өте жылы әрі шынайы болғанын айттып, пікір қалдырып жатыр.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген бірнеше күн бұрын Германияға барған еді. 20 мамырда Димаш Мюнхен қаласына Digital Life Design конференциясына қатысу үшін келді.
Еуропадағы ең инновациялық конференцияларының бірі Digital Life Design 20 мамырда Германияның Мюнхен қаласында басталды. Оған танымал жаңашылдар, кәсіпкерлер мен әртістер қатысады. Олар аудиториямен өздерінің қызық идеялары мен көзқарастарын бөліседі.