Жаңалықтар тізбегі
0

Мамандар дабыл қақты: Түркістандағы Ясауи кесенесінің қабырғалары құздана бастады

Ясауи кесенесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 21:36 Сурет: primeminister.kz
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабырғасы құздана бастады. Орта Азиядағы бірегей тарихи нысан бүгінге дейін жақсы сақталғанымен, ақырындап бүліне бастағаны мамандарды қатты алаңдатып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдар бұған табиғи  емес, адами фактордың да әсері барын алға тартуда. Кесене маңайындағы жер асты суларының көтерілуі мен киелі шаһарға келушілердің көбеюі себеп болуы мүмкін дейді. Мавзолей маңындағы ауыстырылған төсеніш тастардың  ауа өткізгіштік қасиетінің жоқтығы да бір себеп ретінде қарастырылуда. Алты ғасырлық тарихы бар нысанның алып екі күмбезі барын ескерсек, жылдар өте оның шөгуі заңдылық деп санағанмен қол қусырып отыруға болмайды, - дейді ғалымдар, делінген Astana.tv жаңалығында.

Тұздану дегеннен құтылу керек. Ол өте қауіпті жағдай. Өйткені біздің құрылыс материалдары бүлінеді. Соны тоқтатуымыз керек. Енді оны тоқтату үшін әртүрлі тәсілдерді ойлап табуымыз керек. +Бұрын табиғи климаттық жағдайлар ғана әсер етеді десек, қазір антропогендік факторлардың үлесі өте жоғары болып жатыр. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Экология ғылыми зерттеу институтының директоры Амангүл Ақбасова
Қазір біз көріп тұрғандай, төбесінен жауын сулары, ал астынан жер асты сулары көтерілуі байқалады. Яғни  ылғалдану бар. Бұл мәселелерді шешуге болады. Ол үшін дренаж жүйесін дұрыстау қажет. Су деңгейін ұдайы бақылап отыру керек. Кесененің төбесінен су өтіп жатқан жерлерін анықтап, бітеу  керек. Бірақ қазіргі технологиядағыдай цемент пен бетонды жолатпау керек. Сәулетші Мавлюда Юсупова (Өзбекстан)
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: