Дінге қатысты қалжың айтқан түріктің сылқым әншісі қамауға алынды
46 жастағы әнші Гүлшенге "өшпенділік пен дүрдараздықты қоздырды" деген айып тағылды. Поп-жұлдыз Ыстамбұлдағы үйінен ұсталып, қамауға алынды. Қазір ол тергеу абақтасында, әнші сот отырысына дейін сонда болады, деп хабарлайды Anadolu мемлекеттік ақпарат агенттігі.
Чолакоглу Түркиядағы имам хатыба мектебі деп аталатын мұсылман кәсіптік-техникалық училищесі жайлы әзіл айтқан.
Ол бұрын имам хатыба мектебінде оқыған. Оның анайылығы содан тамыр алады, деп салды әнші концерт кезінде музыканттарының бірін қағытып.
Кейінірек әнші кешірім сұрады. Жауап алу кезінде Гүлшен "дүрдараздық пен дұшпандықты қоздырды" деп өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Ол өз елінің құндылықтары мен азаматтарының наным-сенімін шексіз құрметтейтінін айтты.
Гүлшен бұған дейін де сахнадағы ашық-шашық киімі мен ЛГБТ қауымдастығын қолдағаны үшін Түркиядағы консервативті топтардың сынына ұшыраған.
Гүлшеннің тұтқындалуы әлеуметтік желіде наразылық тудырды. Жергілікті оппозиционерлер президент Ердоған осылайша исламшылар мен консерваторларды өз жағына тартуға тырысып жатыр деп мәлімдеді. Түркияда 10 айдан кейін сайлау өтеді.