Алтынмен апталып, гауһар тастармен көмкерілген теңдесіз домбыра Түркістанда сақтаулы тұр
Сурет: Zakon.kz
Теңдесіз домбыраны Түркістан қаласындағы "Ұлы Дала елі" орталығынан тамашалауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Домбыраның өзі ағаштан жасалған, ал беткі бірінші қабатына күміс жалатылған, аспаптың басы алтынмен апталып, гауһар тастармен қапталған. Тіпті, домбыраның ішегі де алтыннан жасалған, оған 15 гауһар тас жұмсалыпты. Жалпы салмағы - 4 келі, деп хабарлайды OTYRAR.
Домбыра тәулік бойы бақылауда, оған қол тигізуге болмайды. Бұл домбыраны бізге бір жыл бұрын өткізген. "Алтын домбыра-2021"айтыскерлер байқауында бас жеңімпазға берілген бас жүлде. Ол кезде Бекарыс Шойбеков жеңісті еншілеп, қанжығасы майланған еді. Осы себепті бұл ерекше домбыра жеңімпаз ақынның өңірінде төрден орын тебуі керек деп шешім шығарылған. Келесі байқауда басқа өңірдің ақыны жеңіске жетсе қымбат домбыра өзге аймаққа кете барады, ал біздікілер жеңімпаз атанса, ол осы арада тұра береді, - деді "Ұлы Дала елі" орталығындағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript