Анкарада Абай Құнанбайұлы туралы кітап жарық көрді
Сурет: видеодан алынды
Абай Құнанбайұлына арналған ұжымдық монография Анкарада ағылшын тілінде басылып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты ғылыми еңбек те жарыққа шықты. Бүгін астанада қос бірдей кітаптың таныстырылымы өтті. Бұл еңбектер шетелдік қауымға қазақ ойшылы Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды көздейді. Екі томдық кітап 1889 жылдан 2020 жылға дейін баспасөзде жарияланған барлық еңбектерді толық қамтыған ғылыми басылым. Библиографиялық көрсеткіште 12 мыңнан астам дерек қамтылған, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл абайтанушы ғалымдарға да, жас ізденушілерге де жалпы Абай шығармасына қызыққан халыққа өте қажетті. Бұнда ерекшелігі сол, осы еңбектерге сипаттама беріліп, оның ерекшеліктерін айтуында. "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір
Яғни, оның айтуынша, бұл кітап – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институттың жасаған жемісті еңбегі.
Ұлы дала данышпаны – Абай» атты кітап 18 тараудан тұрады. Ғылыми еңбек ағылшын тілінде жарыққа шықты. Мұнда отандық және шетелдік ғалымдардың ұлы ойшыл ақынның заманы, туып өскен ортасы мен барлық шығармашылығы жан-жақты қамтылды.Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директорыСуат Бейлұр
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript