"Өнер қырандары" театры концертіне Республика сарайымен келіспестен билет сатқан
Сурет: kassir.kz
"Өнер қырандары" театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізетінін хабарлап, билет сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24-25 желтоқсан күндері Республика сарайында Өнер қырандарының "Харекет қорына 5 жыл" атты концерті болмайды! Республика сарайының тарапынан ешқандай концерт жоспарланған жоқ және билеттер сатылымға жіберілмеген", - делінген хабарламада.
Республика сарайының әкімшілігі сонымен бірге қазіргі уақытта прокуратура жоспарланбаған іс-шараға билеттерді заңсыз сату фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Бұл күндері Республика сарайында балаларға арналған "Жаңа жылдық шоу" өткізіледі деп жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript