Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Сурет Берік Уәлидің facebook-тегі парақшасы
Тұрсынбек Қабатов "Хабар" агенттігінің креатив продюсері болды. Бұл туралы агенттік төрағасы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұрсынбек Қабатов қызметіне бүгіннен бастап кіріскен.
"Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегі айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы "Әзіл әлемі", "Көңілді тапқырлар алаңы" сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие. "Хабар" арнасындағы Тұрсынбек Қабатов жүргізген "Жұп-жұбымен", Cover show сияқты жобалар да жоғары нәтиже көрсетіп, агенттік үшін табысты хабарлардың біріне айналды. Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады", - делінген жазбада.
Сурет: Берік Уәлидің facebook-парақшасы
Берік Уәли әріптесіне шығармашылық табыс тіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript