Жаңалықтар тізбегі
0

Ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді

домбыра, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2023 01:34 Сурет: nis.edu.kz
2022 жылдың мамыр айында елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте оқу жылын аяқтаған ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назарбаея зияткерлік мектебінің хабарлауынша, онлайн рекордты тіркеу туралы ақпарат Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды.

NIS-тегі домбыра сабағы – бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындаған әлемдегі тұңғыш оқиға. Ең ауқымды домбыра сабағына қосымша білім беру педагогі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлік етті. Зияткерлердің орындауында "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңес", "Жастар биі" сынды атақты күйлер күмбірлеп, туындылардың шығу тарихы баяндалды.

Гиннесс кітабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2023 01:34

Сурет: nis.edu.kz

Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады. Тәуелсіз стюардтар 50 қатысушыдан жиналған белгілі бір топты бақылады. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауы мен кітаптың барлық критерийінің толық сақталуын қамтамасыз етті.

Guinness World Records ережелеріне сәйкес ауқымды сабақ басталар алдында барлық қатысушы екі тіркеу пунктінен өтті: біріншісі – жеке бейдждерін сканерледі және "Кандидат-маркер" бағдарламасы арқылы аймаққа кірді, екіншісі – кезекші қатысушылардың механикалық есебін жүргізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: