Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Түркиядағы концертін бір минут үнсіздікпен бастады

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2023 11:41 Сурет: dimashnews.com
Түркияда Димаш "Golden" атты титулдық әнінің әуенімен сахнаға шықты. Негізгі бағдарлама басталмас бұрын әртіс көңіл айтып, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін бір минут үнсіздік сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылдың қыркүйек айында Алматыда тұсауы кесілген Димаштың "Stranger" жеке концертінің бағдарламасы әлем бойынша саяхатын бастады. Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан тарихи достық қарым – қатынастары бар бауырлас ел-Түркия 6 мамырда алғаш рет қазақстандық орындаушының ауқымды шоуын өткізді, деп хабарлайды dimashnews.com.

Димаштың жеке концерті Antalya Expo Kongre Merkezi-де өтті, ол дауыл туралы ескертуге байланысты белгіленген күннен бірнеше күн бұрын ауыстырылды.

Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Көрермендер әртістің ана қазақ тілінде орындаған композицияларын тыңдап қана қоймай, ағылшын, испан, итальян, орыс, француз, қытай және жапон тілдеріндегі әндерден де ләззат алды. Сондай-ақ, концерт көрермендерін Димаш пен арнайы шақырылған қонақ, қабылдаушы елдің өкілі, Бурак Йетер есімді музыкант үлкен тосын сый күтіп тұрды.

Шоу басталғанға дейін, көрермендер жиналып жатқанда, ресейлік Анна Крафт, грузиялық Теона Дольникова, қазақстандық Ерлан Көкеев өнер көрсетті. "YA NA HA" битбокс тобының балалары Димаштың "Fly Away" хит әнін орындап, қызықты каверлерімен көрермендерді қыздырды. Концерттің негізгі бөлігі басталмай тұрып, залды Burak Yater BAND-тың жігерлі DJ SET қарсы алды.

Концерт әртіс пен көрермен арасындағы тұрақты қарым-қатынаста өте жылы атмосферада өтті. Әртіс қазақша, ағылшынша сәлемдесу сөзінен бастап қана қоймай түрік тілінде сәлемдесіп көрермендердің көңілінен шықты және кеш барысында қолтаңба қалдырумен жалғасын тапты.

Бұл кеште талапты халықаралық тыңдаушылардың назарына ағылшын тіліндегі "If I never breathe again", "Fly Away", "Screaming", "Give me your love" шығармалары, қобыздың терең үнімен сүйемелденетін титулдық ән "Stranger", "Together" – Әбілмансұр Құдайбергеннің авторлық шығармасы және ұлттар мен ұлыстар бірлігінің маңызды хабарын жеткізетін Димаштың "The story of one sky" авторлық әндері ұсынылды.

"Olympico", "S.O.S" және "El amore en ti" әндері әншінің дауыс диапазонының кеңдігімен және рухани қасиеттерімен тағы да таң қалды. Қытай тіліндегі ностальгиялық "Battle of Memory" және қытай және жапон тілдеріндегі "Autumn strong" I am a Singer жобасының күндерін еске түсіреді. Орыс тіліндегі "Любовь уставших лебедей" бүкіл залды ортақ хорға біріктірді, ал "Аве Мария" және "Знай" шығармалары көрермендерді параллель шындыққа апарды.

Әр елдегі жеке концерттерінде Димаш бағдарламаға қабылдаушы елдің тілінде шығармаларды енгізуге тырысады. Түрік жанкүйерлері үшін түріктің әйгілі "Gesi Baglar" әнін орындады. Қонақжай жүргізушілер Димашқа түрік ұлттық аспабы Багламаны сыйға тартты. Димаш жылы қарсы алғаны үшін түрік жеріне алғысын білдіріп, қазақ пен түрік мәдениетінің ортақтығын атап өтті.

Концерттің хабарландыруында қазақстандық әртістің арнайы қонақ-түрік музыканты Бурак Йетермен дуэті түрінде тосын сый жарияланды.


Жанкүйерлердің үміттері барынша ақталды – Димаш пен Бурак бірлескен жұмыстың нәтижесі - "Weekend" композициясын ұсынды. "Жеңіл, бірақ жігерлі әнді естігенде бірден телефонға сақтағым келді", – деп жазды Dears трек премьерасынан кейінгі алғашқы пікірлерде.


Жаңа әннен кейін көрермендерді тағы бір сый күтіп тұрды, ол Расул Усмановтың фортепианода Димаштың сүйемелдеуімен туған ұйғыр тіліндегі "Меджнун тал" әнінің орындауы болды.

Концерт қонақтары, сондай-ақ домбырамен күй орындаған музыкант-аспапшылар Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз және қобызшы Олжас Құрманбекпен бірге "Zaman" атты жаңа шығармасы болды. Әбілмансұр Құдайберген электрогитарада жеке шығарма орындап қуантты, Димаштың өзі дәстүр бойынша домбырада "Адай" күйін орындады.

Ана тіліндегі әндер әрқашан Димаштың әрбір концертінің маңызды бөлігі болып табылады, олар әртістің жан дүниесінде ерекше толқу тудырады, ол қай елде болса да, оның барлық жанкүйерлеріне осындай сиқырлы атмосфера беріледі. Осылайша Анталия EXPO Kongre Merkezi сахнасында болды.

Осы шығармалардың ішінде өнерпаздың репертуарына нық енген "Ұмытылмас күн", "Дайдидау", "Махаббат бер маған" әсерлі әндері шырқалды, "Дүрдараз" фольк-рок әні қуат пен эмоцияға ерік берді және көңілді "Zhalyn" әнімен залды билетті. Қазақ тіліндегі "Be with me" рэпі орындалып  жаңа кездесулердің күтіп тұрғанын айтып "Let it be" әнімен аяқтады.

Айта кетсек, 2023 жылы 6 ақпанда Түркия мен Сирияда қатты зілзала болып, салдарынан 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Осы қайғылы әрі табиғи апатқа байланысты көмек ретінде Димаш Құдайберген әлем бойынша өтіп жатқан жеке концерттерінен түскен қаражаттарының бір бөлігін бауырлас елге аударатынын айтқан болатын. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: