Жаңалықтар тізбегі
0

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі стратегиялық нысандар қатарына қосылмақ

Яссауи кесенесі стратегиялық нысандар қатарына қосылмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 16:27 Сурет: akorda.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне лаңкестік әрекет жасау әрекетінің алдын алғаннан кейін үкіметке тарихи орынға стратегиялық мәртебе беруді сұрап хат жолдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақ басшысы кесене аумағында теракт қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайтынын айтты. Осыған орай, бұл жерді ерекше күзетпен қамтамасыз ету мақсатында әкімдік үкіметке Қожа Ахмет Яссауи кесенесін стратегиялық маңызы бар кесенелердің қатарына қосуды сұрап, хат жолдады.

"Оқиға (теракт жасау әрекеті – ред. ескерт.) ақпан айында болды. Мен өзім БАҚ-тағы ақпараттың арқасында білдім. Менің мәліметім бойынша, мұндай әрекетті Тәжікстан азаматы, шет елдің азаматы жасамақ болған көрінеді. Ол басқа ағымның жақтаушысы болуы мүмкін. Неге мұндай әрекетке барғанын білмеймін, айта алмаймын. Біз үкіметке кесенені стратегиялық нысандар тізіміне қосуды сұрап хат жолдадық. Тізімге енгізілгеннен кейін арнайы күзетпен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары жүргізіледі".Дархан Сатыбалды

Биылғы қыркүйекте ШЫҰ АТҚ Кеңесінің 40-отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда екі лаңкестік әрекеттің алдын алғанын айтты: Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін бұзу және Астанадағы қарулы шабуыл.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: