Жаңалықтар тізбегі
0

Аида Балаева киіз үй ішінде тұрпайы би билеген қыздардың видеосына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева, видео, киіз үй, би, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 20:06 Сурет: Facebook/Аида Балаева
18 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киіз үй ішінде тұрпайы би билеген қыздардың видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр Ата заңымызда барлық азаматтың құқығы тең, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік берілгенін ескерте келіп, БАҚ пен әлеуметтік желілердің маңызы арта түскен қазіргі кезде қандай контент жасалып, бөлісіліп жатқанына ерекше мұқият болуымыз керектігін айтады.

"Адамдардың көңіліне қаяу салып, мәдени және ұлттық болмысымызға сызат түсіретін жазбалар мен бейнероликтерге жол берілмейді. Осы орайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аудартқан бейнеролик туралы айтқым келеді. Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді". Аида Балаева

Министр медиа-процессте жүрген барша адамдарды контент жасауда мұқият болуға шақырады.

"Кез келген шығармашылық жұмыста ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды құрметтеуге басымдық таныту керек.Жұдырықтай жұмылып, бірлесе жұмыс істеп қана халқымыздың басын біріктіріп, бөлшектеуге болмайтын бай мәдени мұрамызды сақтап қала аламыз".

Айта кетсек, әлеуметтік желіде тараған бұл видеоны даттаушылар да, сол секілді айыпталушылар да бар. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: