"Славян базары" байқауының аясында ШЫҰ елдерінің ұлттық мәдениет күні өтті
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Беларусь Республикасының Витебск қаласында XXXIII халықаралық "Славян базары" өнер фестивалі өтіп жатыр. Қазақстанды Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел мәдениетінің үздік шығармаларын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Ардақ Елеусіз, Дарын Құдайберген, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақерке Тәжібаева, Дидар Абдухалық және әйгілі "Гүлдер" ансамблі көпке паш етті.
Қазақстандық шығармашылық делегация құрамында "Славян базары – 2019" байқауының жеңімпазы, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әділхан Макин өнер көрсетті.
"Халықаралық фестиваль аясында ШЫҰ елдерінің ұлттық мәдениет күні өтті. Павильонда қазақстандық стенд ұсынылды. Қазақстандық стендті Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Анатолий Маркевич тамашалады. "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі көптеген жылдар бойы елдер арасындағы мәдени диалогтың дамуына ықпал етті. Биыл аталмыш іс-шара ШЫҰ елдері мәдениетінің алуан түрлілігі мен мұрасын таныстыруға арналған бірегей алаңға айналды.", делінген министрлік хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript