"Бір болайық" жүректерді біріктіреді!
Жаңа маусымда көрерменді не күтіп тұрғанын жоба жүргізушілері Камила Саян мен Шах-Керім Кәрменов айтып береді
-Бағдарлама форматында қандай да бір өзгерістер бола ма? Әлде бәрі бұрынғыдай қалмақ па?
Шах-Керім Кәрменов:
- Әрине, алдыңғы маусымдардың тәжірибесін ескере отырып, қатысушыларды қабылдау және жобадан шығару процесіне өзгерістер енгіздік, бағдарламаға қатысу ережелерін өзгерттік. Жаңа ереже бойынша көрермендер қатысушыларды таңдау және шығару процесіне белсенді қатысатын болады.
Сурет: НТК
- Қатысушыларды іріктеу қалай өтеді?
Камила Саян:
- Қатысушыларды іріктеу жауапкершілікпен қаралатын іс. Әрбір қатысушы тек отбасылық өмірге дайын ғана емес, халықтың белгілі бір тобының өкілі болуы керек. Сондықтан біз әр үміткердің анкетасын сұхбат кезінде мұқият зерттейміз. Іріктеу бірнеше кезеңнен өтеді. Қорытынды сұхбатта болашақ қатысушыны жүргізушілер, режиссер және редакция мүшелері әңгімелеседі.
- Бағдарламаға қатысушы болу үшін не істеу керек?
Шах-Керім Кәрменов:
- Жобаға қатысу үшін кәмелет жасына толу, тұрмыстық деңгейде қазақ тілін меңгеру, отбасын құруға ниет білдіру және әрине, некеде немесе қарым-қатынаста болмау жеткілікті.
- Сіздің ойыңызша, мықты одақ құруда ең бастысы не? Сәттіліктің сыры бар ма?
Шах-Керім Кәрменов:
- Шынында, сыр өте қарапайым. Біз қатысушының барлық ерекшеліктерін, соның ішінде кемшіліктерін де көрсету үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Қарапайым тілмен айтқанда, адамды еш бояусыз, қоспасыз көрсету керек. Осылайша, қатысушыны өмірлік көзқарастарын бөлісетін үміткер таңдау мүмкіндігі артады. Сәтті қарым-қатынастың сыры – өзің бола білу. Қалғанын қарым-қатынас кезінде шешуге болады.
Сурет: НТК
- Сіздер өз кейіпкерлеріңіз үшін уайымдайсыздар ма әлде эмоцияға бой алдырмай, бейтараптықты сақтауға тырысасыздар ма? Ер мен әйел арасындағы одақ құру – күрделі және өте маңызды процесс қой.
Камила Саян:
- Әрине, әрбір қатысушы бізге өзінше қымбат. Біздің жобамызға қатысы бар әрбір адам қалайда отбасымыздың бір бөлігіне айналады. Алайда біз, жүргізушілер ретінде, сабырлы болуымыз керек. Бізге жұппен жұмыс істеу көмектеседі. Егер Шах жағдайды еркекше суыққандылықпен бағалайтын болса, мен әйел ретінде, ситуацияға кіріп, толықтырамын. Соңғы шешімді әрбір тарап өзі қабылдайды, соның ішінде көрермендер де. Біз шынайылықты толықтай талап етпейміз және соңғы сөзді айту құқығымыз жоқ. Әркім өз таңдауын өзі жасауы керек.
- Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы туралы аздап сөйлесейікші. Жаңа кейіпкерлер, көбінесе ер адамдар, қыздарға қатысты талаптарын айтып жатады. Мәселен, не кию керек, қайда бару керек және т.б. Мұндай сәттерде сіздер не істейсіздер?
Шах-Керім Кәрменов:
- Сіз дұрыс айтасыз. Мұндай ситуациялармен жиі ұшырасамыз. Бірақ біз бұған бейтарап қарап, әрбір қатысушыға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береміз. Дегенмен, басқа қатысушылар келіспеуі мүмкін. Мысалы, егер қыз кейбір ережелермен келіспесе, ол қарым-қатынасты жалғастырудан бас тарта алады. Біреу тұрмыстық зорлық-зомбылықты ақтаса, біз Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сүйене отырып, ескерту жасауға міндеттіміз.
Сурет: НТК
- Бағдарлама жасаған кезде сіздер қандай мақсатты көздедіңіздер? Мысалы, отбасылық адамның мәртебесін арттыру, ажырасу санын азайту немесе демографиялық мәселелерді шешу ме?
Шах-Керім Кәрменов:
- Сіз дұрыс айтасыз, бұл міндеттер әлі де біздің алдымызда тұр. Бағдарламаның тағы бір мақсаты – қазақ тілін дамыту. "Бір болайық" – тікелей эфирде күнделікті 4 сағат, аптасына 6 күн шығатын қазақ тіліндегі алғашқы жоба. Көбінесе маусым басында қазақ тілін нашар меңгерген қатысушының ақырында тек қазақ тілінде сөйлейтінін көреміз. Қазақ тіліндегі жобалардың санының артуы және мемлекеттік тілді еркін меңгерген адамдардың санының өсуі бізге ұнайды.
Сурет: НТК
- Қазір жалғыз жүргендерге және отбасылы адамдарға не тілейсіз?
Камила Саян:
- Жалғыз жүргендерге өз адамын тезірек табуды тілеймін. Ал отбасылыларға үйлерінде жылылық, жайлылық, адалдық және жақсы атмосфераны сақтауды тілеймін.
- Бағдарлама қаншалықты жиі эфирге шығады?
- Тамыз айында біз аптасына дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті 12:00-де 4 сағаттық тікелей эфирге шығамыз. Қыркүйектен бастап дүйсенбіден сенбіге дейін дәстүрлі эфир кестесіне ораламыз.
Асель Мираева
Серіктес материалы