Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында қаңлы мәдениетіне тиесілі көне жәдігерлер табылды

Көне жәдігер, Түркістан облысы, Созақ ауданы, қаңлы заманы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 18:47 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында қаңлы мәдениетіне қатысты, б.з.д. ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіште далалық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Аталған артефактілер Қызылкөл тарихи-мәдени нысанда орналасқан ғибадатхана мен екі қорғаннан табылды.  

Жәдігер, Түркістан облысы, Созақ ауданы, қаңлы мәдениеті, археология, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 18:47

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Қазба жұмыстары кезінде ірі қара және ұсақ малдың сүйектері мен мүйіздері, тас дәнүккіш, келі, диірмен т.б. еңбек құралдарының бөліктері, қыш ыдыс тұтқалары, киімге арналған түйме фрагменттері алынды. Ғибадатхананың батыс бөлігінде ашылған бөлменің ішінде 60 см тереңдікте ғұрыптық бұйым (курильница) ыдысының кішкене бөлігі сақталған цилиндр пішінді, табаны жайпақ тұғыр табылды", делінген хабарламада.

Жәдігер, Түркістан облысы, Созақ ауданы, қаңлы мәдениеті, археология, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 18:47

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ескерткіштің биік таулар мен көлдерге жақын орналасуы, ғибадатхананың ерекше құрылымы мен табылған жәдігерлердің түрлері құрылыстың ғұрыптық ғибадатхана ретінде пайдаланылғанын көрсетсе, тас құралдар егіншіліктің, атап айтқанда, егін жинаудың дамығанын көрсетеді.

Жәдігер, Түркістан облысы, Созақ ауданы, қаңлы мәдениеті, археология, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 18:47

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Орталық музей археологтары Қазақстанның көне тарихының жаңа парақтарын аша отырып, еліміздің әр өңіріндегі тарихи нысандарда архологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: