Еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды
3 желтоқсанда еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктер түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ болады деп болжайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Ал оңтүстігінде, солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының шығыс жартысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Өңірдің батысында тұман түседі. Ал шығыс жартысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, Көкшетауда таңертең және күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан, батыстан, солтүстіктен, облыстың таулы аумақтарында, тау бөктерінде екпіні 15-20 м/с жел тұрады, таулы аудандарда 23 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Шымкентте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, Түркістан облысында түнде және таңертең шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының шығыс жартысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың шығыс жартысында оның екпіні 15-20 м/с құрайды, Көкшетауда таңертең және күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігін де тұман басады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оралда – көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі.