ШҚО-да 5 притон табылып, 14 жезөкше ұсталды
ШҚО ПД баспасөз қызметі
«Stop-трафик» ЖПІШ қорытындысы
ШҚО аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өткен «Stop-трафик» шарасы барысында тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстауының және жеңгетайлықтың 5 фактісі анықталды, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі тұлғалар өз кінәларын мойындады, енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) 46 факті және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 факті анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Профилактикалық есепке 17 адам қойылды, оның ішінде «жеңгетай» санаты бойынша – 3 адам, «жезөкше» санаты бойынша – 14 адам.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript