«Арзан пәтер әперетін» әйелге семейліктер 9 млн теңгесін бере салды
Сурет: pixabay
27 жастағы күдікті әйел қылмыстарын мойындады
Семейде қараша айының соңында «102» жедел арнасына 24 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс әйел 2021 жылдың ақпан айының соңында бұған нарықтық бағадан төмен баға бойынша пәтер сатып алып беремін деп, сенімге кіріп алып, 3 млн теңгесін алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын осындай қылмысы үшін сотты болған, 27 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Келесі күні алаяқтың тағы екі құрбаны 52 және 27 жастағы зардап шегуші Әуезов ПБ-ға арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, қаскөй 2021 жылдың ақпан айының соңында және тамыз айының соңында осы схема бойынша олардың жалпы сомасы 6 850 000 теңгені иемденген. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Тергеу барысында 27 жастағы күдікті әйел жоғарыда аталған қылмыстарды жасағанын мойындады.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі мен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript