ШҚО колониясына еліткіш әсері бар препараттарды өткізбек болғандар ұсталды
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының колониясында мереке күндері ерекше режимдегі түзеу мекемесінің қоршауы арқылы заңсыз заттарды лақтырудың кезекті әрекетінің алды алынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Өскемендегі ОВ 156/2 ерекше режимдегі колониясына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адамдар ұсталды. Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны есірткі заттары бар "оралған" пакетті лақтырмақ болғаны анықталды.
Тексеру кезінде колония қызметкерлері салмағы бір келіден асатын көкнәрді және белгілі бір иісі бар сұйықтығы бар екі пластикалық бөтелке, сондай-ақ аммиак және елу дана трамадол және қатты әсері бар 20 ампуладан астам тропикамид препараты мен инъекцияға арналған шприцтер табылды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта барлық тәркіленген препараттар сараптамаға жіберілді. Екінші жағдайда ер адамның айтуынша, оны таныс емес бір адамның орамды мекеме аумағына лақтырып берсе 5 мың теңге сыйақы төлеуге уәде бергенін айтқан. Ұсталған ер адамдарға қатысты хаттама толтырылды, енді оларға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша ҚР заңнамасында көзделген жаза қолданылады. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript