Түркістан облысында тұрғын үйге шабуыл жасалды
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысында белгісіз біреу тұрғын үйге шабуыл жасап, жас жігітті жарақаттап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Қарулы азаматтың үйге не мақсатпен кіргені әзірге белгісіз.
Бұл жайт 03.01.2022 ж. Сарыағаш АПБ-де ҚР ҚК-нің 24-99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркелді. Сонымен қатар жедел түрде құрамында криминалдық полиция басқармасының полицейлері бар арнайы топ құрылды. Бүгінде Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ. Сахов тәжірибелі полицейлермен бірге оқиға орнында жұмыс атқаруда. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.
Күдікті әлі анықталған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript