Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаппай тәртіпсіздік пен терактілер кезінде 149 адам қаза тапты

Алматы трагедиясы, қасіретті қаңтар, қаңтар қырғыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2022 23:15 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жаппай тәртіпсіздік және содырлардың шабуылы кезінде 149 адам қайтыс болған, оның 11-і құқық қорғау органдары қызметкерлері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасының басшысы Қанат Таймерденов телеарналардың бірінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Полиция департаментінің бастығы қаза тапқандар қарақшылар мен лаңкестер, сондай-ақ олардың қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар екенін атап өтті.

Лаңкестердің көбі қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні полиция бөлімшелері мен жол бойындағы бекеттерге жасалған шабуыл кезінде жойылды. Сол күні содырлар қалалық полиция департаментін, Алмалы, Жетісу, Әуезов, Бостандық аудандық бөлімшелерін және жергілікті полиция қызметінің ғимаратын басып алуға әрекеттенген.

Сондай-ақ Полиция департаментінің басшысы мәйітханаға жеті рет шабуыл жасалғанын, белгісіз біреулер қайтыс болған 41 адамның денесін ұрлап кеткенін айтты. ПД ғимаратына таң атқанша шабуыл жасалған, лаңкестер қатарында мергендер болған, олар жақын маңдағы ғимараттардың төбесінен полицейлерге оқ жаудырған.

Қазірге дейін арнайы операция барысында 127 қару, әртүрлі калибрлі 2800 патрон, сондай-ақ басқа да оқ-дәрілер мен арнайы техника тәркіленген.

Сондай-ақ Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы қылмыскерлер полицейлер мен әскерилердің киімін киіп алып, шабуыл жасағанын мәлімдеген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: