Түркияда қалып кеткен отандастарымыз жатын орынмен қамтамасыз етілді
Сурет: Twitter/OZCO
Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығы Түркия аумағында қалып кеткен отандастарымыздың барлығы тамақпен және жатын орынмен қамсыздандырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 қаңтардан бастап Ыстамбұлда жауған қалың қарға байланысты халықаралық әуежай жұмысын тоқтатты.
Қазақстанға қатынайтын барлық тұрақты рейстер белгісіз мерзімге тоқтатылды. Қалып кеткен жолаушылар тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етіледі. Жолдардың жабылып, кептелістердің пайда болуына байланысты осы шараларды іске асыруда сәл кідірістер болуы мүмкін. Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі
Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығы Air Astana әуекомпаниясы өкілдерімен байланыс ұстап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript