ШҚО-да жол-көлік апатынан екі адам қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік апаты 13 ақпанда Глубокое ауданындағы Өскемен – Риддер тас жолының 34-ші шақырымында болды. 36 жастағы Datsun жүргізушісі мен оның 29 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz
ШҚО полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript