Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да полицейлер тіркелмеген 93 қаруды тәркіледі

Қару-жарақ, ШҚО, тіркелмеген қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 09:55 Сурет: СҚО ІІД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының аумағында осы жылдың 3 ақпанынан бастап «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тіркелмеген 93 бірлік қару мен мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұдан бөлек, сақшылар 304 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.

Соның ішінде:

  • қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 84;

  • сақтау ережелерін бұзғаны үшін – 149;

  • тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – 71.

23 наурыз күні полицейлер үйінде бірнеше оқ-дәрі сақтаған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұдан басқа, қала тұрғындарынан түскен ақпараттарды тексеру барысында заңсыз оқ-дәрілерді сақтағаны үшін тәртіп сақшылары 53 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, тексеру кезінде 16 калибрлі 20 оқ-дәрі, 20 калибрлі 1 оқ-дәрі және қолдан жасалған қорғасын оқтары, ұнтақ табылып, тәркіленді.

Полиция, қару-жарақ, тіркелмеген қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 09:55

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Полицейлер барлық тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға жиырма есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е. Закимов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: