Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында 26 құсты заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ақжар көлі, қаз, үйрек, браконьер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 10:23 Сурет: pixabay
Түркістан облысында полицейлер браконьерлерден заңсыз атылған жабайы құстардың 26 ​​өлексесін тәркіледі. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақжар көлі маңында заңсыз аң аулаған екі ер адамды анықтап, ұстады.

Олар Ордабасы және Төлеби аудандарының тұрғындары болып шықты.

Тәртіп сақшылары «Охотзоопром» өкілдерімен бірлесіп, браконьерлерден айғақ ретінде екі аңшы мылтығын, үрлемелі қайық, сондай-ақ 18 қаз бен 8 үйрек ұшасын тәркіледі.

Түркістан облысы, үйрек, қаз, броконьер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 10:23

Сурет: Түркістан облысы полиция депаратментінің баспасөз қызметі

Күдіктілер Созақ өңіріне аң аулауға келгенін, рұқсат қағазы болмағанын мойындады.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Түркістан облысы полиция депаратментінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақырып, жабайы жануарлар мен өсімдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануарларды заңсыз аулау қатаң жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: