Қазақстандық Стамбулдан 34 келі алтын алып өтпек болған
Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Елорда әуежайындағы шекара бақылауында «Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан» халықаралық рейсінің жолаушысы ұсталды. Ол декларацияда көрсетілмеген зергерлік бұйымдарды әкелмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тауардың жалпы мөлшері бір миллиард теңгеден асады. Ал салмағы – 34 келі.
Құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-бөлігі (ерекше ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) бойынша тіркелді.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript