Түркістан облысында өрттен екі бала қайтыс болды
Сурет: Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 2 сәуір күні сағат 21:23-те Сауран ауданында (Бабайқорған ауылы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 35-үй) екі қабатты тұрғын үйден шыққан. Жалпы аумағы 255 шаршы метр болатын үйдің 180 шаршы метрін өрт шалған.
Өрт салдарынан бірінші қабаттың аумағы 60 шаршы метр болатын шатыры мен төбесі опырылған (екі қабатты үй, шатыры профнастил, қосеңісті, қабырғасы саз балшықтан). Өрт орнынан екі баланың (2007 және 2009 жылы туған) күйіп кеткен мәйіті табылды.Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Куәгерлердің айтуынша, өрт екі мәйіт табылған ас ішетін бөлмеден шыққан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript