Түркістан облысында ер адам өз үйін өртеп жіберді
Үйде ерлі-зайыптының арасында келіспеушілік болған. Оның арты дауға ұласып, азамат ашумен мас халде үйге өрт қойған.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің төрт бөлмелі үйін күйеуі қасақана өртегенін жеткізді.
Үй ішінде тұрмыстық заттар, алтын бұйымдар болған. Оқиға салдарынан жәбірленуші үш миллион теңге шығынға батты.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлімі бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Ақпаратты естіген Бәйдібектегі тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырды. Тез арада іске кірісіп, оқиғаның қалай болғанын анықтады.
Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалы жүргізіліп жатыр.