ШҚО-да су тасқынына байланысты ауыл тұрғындары эвакуацияланды
9 сәуірде таңертең су көтеріліп, екі үй мен үш үй маңындағы аумақты су басты, 50-ден астам бас малды құтқарушылар қауіпсіз жерге көшірді, ал 16 тұрғынды, оның ішінде екі бала туыстарының үйлеріне орналастырды.
Жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар кептелістің пайда болу учаскесіне аэровизуалды мониторинг және тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша мұзды қопсыту мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
Барлығы 2347,5 келі жарылғыш заттар қолданылды. Жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 6067 шаршы метрді құрады. 20 сағат ішінде су деңгейі көтеріліп, үйлерге кіре бастады. Барлығы сегіз үй су астында қалды, оның алтауы тұрғын үй. Тұрғындар ШҚО ТЖД және ЖАО құтқарушыларының бақылауымен дереу үйлерінен көшірілді. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
9-10 сәуір аралығындағы кезеңде барлығы 36 тұрғын, оның ішінде 10 бала эвакуациядан кейін туыстарына орналастырылды. Мал қауіпсіз жерге шығарылды. Жергілікті атқарушы органдар қорғағыш жер үйіндісін салу бойынша жұмыстар жүргізді.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД жеке құрамының 69 қызметкері, екі жүзу құралы, 11 мотопомпа және сегіз техника, ЖАО-ның 20 қызметкері және сегіз техника жұмылдырылды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан үйлерден тонаушылық фактілерін болдырмау үшін полиция қызметкерлерінің күштері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта ауылда су деңгейінің төмендеуі байқалады. Жергілікті жерді әуемен аралап ұшып шығу жүргізілді - су арнасы таза.
ШҚО ТЖД күшімен су басқан аумақтардан суды сору жұмыстары ұйымдастырылды, су сорылды. Екі тұрғын үйдің жертөлелері мен үш аула аумағы ішінара су астында қалды. ЖАО күшімен суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі