Түркістан облысында браконьерлерден 44 келіге жуық балық тәркіленді
Сурет: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының полицейлері Өтір-төбе ауылының жанында су қоймасынан балық аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олардан заттай дәлел ретінде екі қап қытай торын, резеңке қайық және 44 келіге жуық балық тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz
Полиция қызметкерлері күдіктілер одан әрі тергеу үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.
Аталған жайт ҚР ҚК 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша Жетісай АПБ СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, істің толық мән-жайы анықталуда. Түркістан облысы полиция депаратментінің баспасөз қызметі
Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғауға шақыра отырып, балық аулауға әуес тұрғындарға тыйым салынған уақыт аралығында балық аулаудан бас тартуды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript