Көршісінің қорасын өртеп алған семейлікке 61 мың теңге айыппұл салынды
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ер адам өз учаскесіндегі қураған шөпті өртеп, жалын көрші аумаққа ұласқан. Салдарынан шаруашылық құрылыс нысаны бүлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Семей тұрғыны қураған шөпті өртеймін деп оған ие бола алмай қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Өрттің күшеюіне соққан жел түркі болған, салдарынан қызыл жалын 40 шаршы метрді алып кетті. Көрші учаскедегі ғимаратқа зиян келді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін ер адамға 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бір тәулік ішінде ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері шөптің тұтануы бойынша 39 фактіні тіркеп, өртті жойды. Негізгі себеп – от жаққанда қауіпсіздік шараларын сақтамау.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript